Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны өсіп жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz.
Мысалы COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК мәліметінше, 27 маусымдағы жағдай бойынша, коронавирус жұқтырған 67 адам тіркелді. Осылайша, елде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 1 306 300-ге жетті.
Оның ішінде:
Нұр-Сұлтан қаласында - 13,
Алматы қаласында - 52,
Ақмола облысында – 1,
Қарағанды облысында - 1.
Айта кетейік, 26 маусымдағы жағдай бойынша, 66 адамнан коронавирус анықталса, 25-і 57 жағдай тіркелді. 24 маусымда 54 адамнан, ал 23 маусымда 42 адамнан, 22 маусымда 32 адамнан COVID-19 анықталған еді.