Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны алтыншы күн қатарынан өсіп жатыр

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны алтыншы күн қатарынан өсіп жатыр
Фото: Tengrinews.kz/Әлихан Сариев

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны өсіп жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz

Мысалы COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК мәліметінше, 27 маусымдағы жағдай бойынша, коронавирус жұқтырған 67 адам тіркелді. Осылайша, елде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 1 306 300-ге жетті.

Оның ішінде:

Нұр-Сұлтан қаласында - 13,

Алматы қаласында - 52,

Ақмола облысында – 1,

Қарағанды облысында - 1.

Айта кетейік, 26 маусымдағы жағдай бойынша, 66 адамнан коронавирус анықталса, 25-і 57 жағдай тіркелді. 24 маусымда 54 адамнан, ал 23 маусымда 42 адамнан, 22 маусымда 32 адамнан COVID-19 анықталған еді. 

С. Сатыбалдина