- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар...
Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 32-ге жетті
Қазақстандағы коронавирус бойынша 17 наурыздағы сағат 16.00-дегі жағдай бойынша коронавирус індетін жұқтырған тағы 5 адам анықталды.
"Олардың 4-уі Алматы қаласында, 1-еуі Нұр-Сұлтанда", - деп хабарлады Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Диас Ахметшәріп.
Осылайша Алматы қаласында 15 адам, Нұр-Сұлтан қаласында 17 адам, жалпы 32 науқас тіркелді.
Бұған дейін Қазақстан сыртқы істер министрлігі Венгрияда бір қазақстандық коронавирус жұқтырып, ауруханаға түскенін хабарлады.
"16 наурызда Қазақстанның Венгриядағы елшілігіне Қазақстанның бір азаматы коронавирус күдігімен Будапештегі ауруханаға жатқызылғаны хабар түсті. Анализ қорытындысынан коронавирус табылды. Қазір жағдайы қалыпты, ауруханада емделіп жатыр. Елшілік бұл жағдайды бақылауға алды", - деп мәлімдеді Сыртқы істер министрлігі.
Massaget