- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Әскери қызмет тәртібі
Қазақстанда Қорғаныс министрлігінің кейбір бұйрықтары өзгереді
Қорғаныс министрінің нұсқаулары мен кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізілмек. Ақпарат "Ашық НҚА" сайтында жарияланды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Министр бұйрығы жобасының толық мәтінімен 5 желтоқсанға дейін "Ашық НҚА" порталында танысуға болады.
Ведомство мәліметінше, әскери қызметті өткеру мәселелерін реттейтін қорғаныс министрінің бұйрықтарына құқықтық мониторинг жүргізу барысында іс жүзінде қолданылмайтын нормалар анықталған.
Атап айтқанда, құқық қорғау және арнайы органдардың Қарулы Күштерге ауысатын қызметкерлерін қайта аттестациялау үшін әскери оқу орындарында базалық курстардан өтуді талап ететін норма туралы сөз болып отыр.
"Мұндай жағдайлардың аздығына, ауысу мерзімдерінің анық еместігіне және белгілі бір сала мамандарының қажеттілігіне байланысты курстардан өтпей-ақ қайта аттестациялауға алу ұсынылады. Осыған байланысты жоба бұйрығында іс жүзінде қолданылмайтын норма алып тасталуға жатады", - делінген Қорғаныс министрлігінің хабарламасында.
Айта кетейік, бұған дейін Қорғаныс министрлігі әскерге шақыру жасындағы азаматтарға қатысты рейдтер жүргізуге қатысты түсінік берген болатын. Бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерде жастарды еріксіз ұстап алып, жергілікті әскери басқару органдарына жеткізіп жатқан бейнематериалдар тарай бастады.
Рейд кезінде кейбір азаматтар ішкі істер органдары қызметкерлерінің заңды талаптарына бағынбай, қарсылық көрсетіп жатады. Мұндай жағдайда полиция қызметкерлері оларды мәжбүрлі түрде ұстап, шақыру пунктіне жеткізуді жүзеге асыруға құқылы деп хабарлады Қорғаныс министрлігінің өкілдері.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Д. Шәріпхан