Қазақстанда қонақүй мен отельдерде қоныстану деңгейі үш есе артты

Қазақстанда қонақүй мен отельдерде қоныстану деңгейі үш есе артты
Фото: kazakhstan.travel

Биыл қаңтар-шілде аралығындағы қорытынды бойынша, қонақүй, отель және басқа да  қону мекемелерінде 67,8 миллиард теңгеге қызмет көрсетілген. Бұл былтырмен салыстырғанда 43,6 пайызға көп, - деп хабарлайды Ranking.kz.

Қонақүй қызметі ең көп Алматыда көрсетілген: 20,7 миллиард теңге. Үштікте Нұр-Сұлтан қаласы (14 миллиард теңге) мен Ақмола облысы (6,3 миллиард теңге) да бар. 

Кейінгі алты айда қонақүй қызметін 3 миллион адам қолданған. Бұл былтырғы көрсеткішпен салыстырғанда 32,9 пайызға көп. 

Қазақстандықтар көбіне мейрамханасы бар қонақүй қызметін қолданған. Одан кейінгі орында мейрамханасы жоқ қонақүйлер мен коттеджтер - шағын үйлер, бунгало, шале және пәтер. ТОП-5 орында демалыс үйлері мен туристік базалар да бар. 

293,7 мың адам бесжұлдызды қонақүй таңдаса, 297,7 мың адам төртжұлдызды қонақүйлерде орналасқан. Үшжұлдызды қонақүйде 138,9 мың адам болса, 5,9 мың адам екіжұлдызды қонақүй таңдаған. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина