Қазақстанда коммуналдық қызметтер үшін бірыңғай түбіртек енгізіледі

Қазақстанда коммуналдық қызметтер үшін бірыңғай түбіртек енгізіледі
Фото: depositphotos.com

Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі коммуналдық қызметтер үшін бірыңғай түбіртекті енгізеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Министрліктің хабарлауынша, өткен жылдың қараша айынан бастап барлық коммуналдық қызметтерге Бірыңғай түбіртек енгізу бойынша белсенді жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Бұл туралы ҚР Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Жәннат Дүбірова мәлімдеді.

"Облыс әкімдіктері жұмысқа кірісіп кетті, бірқатар елді мекендерде тұрғындар цифрлық түбіртек ала алады. Біз азаматтарымыз үшін үдерістерді кеңейтуді және жеңілдетуді жалғастырамыз", - деді Жәннат Дүбірова.

Түбіртек барлық төлемдерді шоғырландыруға арналған. Төлеушілерге ыңғайлы болу үшін барлық ақпарат бір түбіртекте жинақталатын болады.

"Біздің мақсатымыз - бұл жүйені қалаларда ғана емес, аудан орталықтары мен ауылдарда да қолжетімді ету. Бір түбіртек екінші деңгейлі банктер арқылы онлайн режимде беріледі және оны оңай төлеуге болады. Сұраныс бойынша қағаз нұсқасы да қолжетімді", - деді вице-министр.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

А. Жапатова
Logotype Massaget