Қазақстанда коммуналдық қызметтер ТМД елдерінің арасында ең арзаны болып шықты

Қазақстанда коммуналдық қызметтер ТМД елдерінің арасында ең арзаны болып шықты
Фото: elements.envato.com

Қазақстандағы коммуналдық қызметтер ТМД және Орталық Азия елдері арасында ең арзаны болып шықты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Ranking.kz сайтына сілтеме жасап.

Numbeo порталының 2023 жылға арналған мәліметінше, ауданы 85 шаршы метр болатын жеткілікті үлкен пәтердің орташа айлық коммуналдық төлемі (әдетте үш бөлмелі пәтер) Қазақстанда шамамен 55 АҚШ доллар (25 мың теңге). Бұл сомаға электр қуаты, жылу және ауаны баптау, сумен жабдықтау және кәріз, қоқыс шығару кіреді. Ескерту: 85 шаршы метр пәтер еуропалық типтік үй. ҚР стандарты бойынша, ауданы шамамен 55-60 шаршы метрлік стандартты пәтерге коммуналды төлем тиісінше айтарлықтай аз болады: шамамен 35-40 АҚШ доллары.

Ranking.kz бұл көрсеткіштерді ТМД елдерінің, оның ішінде бұрынғы мүшелері және Орталық Азияның көрсеткіштерімен салыстырған, сондай-ақ қызығушылық үшін Балтық елдерін рейтингке қосқан. Жалпы, ҚР-да коммуналды төлем арзан ғана емес, сонымен қатар орташа таза жалақыға (салықтар мен шегерімдерді алып тастағаннан кейін) шаққанда төмен. Ескерту: Қазақстанда, Numbeo мәліметінше, мұндай таза жалақы 571 АҚШ доллары немесе шамамен 260 мың теңге, бұл біздің статистика көрсеткен орташа жалақыға өте жақын (атаулы емес медианды, яғни шынайырақ).

Қазақстанда коммуналдық төлемдер бір таза жалақының 9,7 пайыз. Яғни, мұндай көлемдегі пәтерлерде әдетте отбасылар тұрады, ал мұндай отбасылардың екі мүшесі жалақы алады, дегенмен оларға төлеу тіпті бір адамға да қымбат емес.

Салыстыру үшін: арақатынасы бойынша екінші орында тұрған Беларусьте коммуналдық қызметтер бір таза жалақының 10,4 пайызы, Өзбекстанда - 11,9 пайызы, Әзербайжан мен Грузияда - 14 пайызы, Ресейде, Литвада және Эстония - 16 пайыз-дан астам, Арменияда - 18 пайызы, Украинада - 21,7 пайызы, ал Латвияда - өте қымбат, 29,6 пайызы.

Жалпы, әлем бойынша Пәкістандағы коммуналдық төлемдер қалтаға ең көп салмақ салады: бір жалақының 46,3 пайызы. Одан кейін Филиппин (28,9 пайыз), Грекия (23,6 пайыз) және Сербия (22,6 пайыз).

Бірақ ҚР-ға жақын көрсеткіштер Венесуэла (9,9 пайыз), Аргентина (10 пайыз), Португалия (10,8 пайыз), Германия (10,8 пайыз) және Ұлыбритания (11,1 пайыз) сияқты елдерде байқалады.

Қазақстан статистикасының көрсеткіштері негізінен осы деректерге жақын. Осылайша, ҚР СЖРА Ұлттық статистикалық бюросының мәліметінше, биыл үшінші тоқсанда бір үй шаруашылығының коммуналдық қызметтерге, тұрғын үйді күтіп ұстауға және жөндеуге жұмсаған шығыны орташа есеппен 39,4 мың теңге (жылы мезгіл мен ерте көктемде айына 13 мың теңгеден сәл артық). Жалпы, үй шаруашылығының жалпы шығыны биыл үшінші тоқсанда айына орташа есеппен шамамен 307 мың теңге.

Яғни, орташа отбасының барлық шығындарының 4,3 пайызы ғана коммуналдық қызметтерге, тұрғын үйді жөндеуге және күтіп ұстауға жұмсалды. Ескерту: Қазақстандағы орташа үй шаруашылығы 3-4 адамнан тұрады және бұл үй шаруашылықтарының табысы әдетте екі кәмелетке толған мүшенің жалақысы.

Сондай-ақ мына бір жайтты атап өткен жөн: инфляция мен өмірдің барлық салаларындағы бағалардың жалпы өсуін ескере отырып, коммуналдық қызметтер мен тұрғын үйді күтіп-ұстауға арналған шығындардың өзі бірте-бірте өсіп келе жатқанымен, бұл шығындардың барлық шығындардағы үлесі 2020 жылдан бастап іс жүзінде өзгерген жоқ, ал бұрын тіпті төмендеген (мұны төмендегі кестеден көруге болады).

Яғни, ҚР-дағы коммуналдық қызметтер халықтың жалақысы мен шығындарын ескерсек, айтарлықтай арзан.

 

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина