Қазақстанда колледждер қыркүйектен бастап 2 есе көп ақша алады

Қазақстанда колледждер қыркүйектен бастап 2 есе көп ақша алады
Фото: Tengrinews.kz/ Тұрар Қазанғапов

1 қыркүйектен бастап техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарына арналған жан басына шаққандағы қаржыландыру көлемі 2 есе артады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Үкімет техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарын қаржыландырудың жаңа нормативін қабылдады.

Жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландырудың қолданыстағы әдістемесіне сәйкес бір студентті оқытуға бөлінетін орташа қаражат көлемі 437 мың теңге болды, ал енді ол орта есеппен 912 мың теңге көлемінде болады.

"Жаңа қаржыландыру нормативі негізгі және ынталандырушы төлем бөліктерінен тұрады. Ынталандырушы төлемдер нақты көрсеткіштерге қол жеткізген колледждерге беріледі. Бұл жаңа қаржыландыру жүйесі бәсекеге қабілетті мамандарды даярлауға, білім беру ұйымдарын заманауи материалдық-техникалық жабдықтармен қамтамасыз етуге, педагогтердің біліктілігін арттыру курстарын ұйымдастыруға мүмкіндік береді", - деп жазылған хабарламада.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget