Қазақстанда көлік ұрлаудың жаңа схемасын әшкереленді

Қазақстанда көлік ұрлаудың жаңа схемасын әшкереленді
Фото: depositphotos.com

Ішкі істер министрлігі Қазақстанда көлік ұрлаудың жаңа схемасын әшкереледі. Ведомство қылмыскерлердің айласына түсіп қалмаудың жолдарын түсіндірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Жаңа қылмыстық схема қалай жүзеге асады?

Тапсырыс берушілер мен автовоз иелері Della және Fa-Fa.kz сияқты танымал сервистерге көліктер мен тауарларды тасымалдау туралы ұсыныстарын жариялайды. Көбіне бағыттар Алматы қаласы мен Алматы облысынан елдің басқа өңірлеріне қарай болады.

Қаскөйлер хабарландыруларға жауап беріп, тапсырыс. берушілерге өздерін тасымалдаушы ретінде, ал жүргізушілерге әлеуетті тапсырыс беруші ретінде таныстырады. Қылмыскерлер тасымалдау шарттарын келісіп алады да, қала сыртына шыққаннан кейін ұрланған жүкті басқа көлікке қайта тиеп, алып кетеді.

ІІМ: Қылмыскерлердің құрбаны болмау үшін не істеу керек?

  • Жүргізушінің жеке куәлігін және көлікке қатысты құжаттарын мұқият тексеріңіз.
  • Жүргізуші қолданатын телефон нөмірін хабарландыруда көрсетілген нөмірмен міндетті түрде салыстырыңыз.
  • Жүк жүретін маршрутты және жеткізу нүктесін алдын ала жеке келісіп алыңыз.
  • Жүргізуші туралы интернеттегі пікірлерді қарап шығыңыз.

Айта кетейік, жыл басынан бері Қазақстанда көлік құралдарын ұрлау бойынша шамамен 1,5 мыңға жуық жағдай тіркелген.

Статистика бойынша ең көп ұрлық Алматыда, Астанада және Қарағанды облысында тіркеледі.
Ең төмен көрсеткіштер Ұлытау облысында, сондай-ақ Маңғыстау және Қызылорда облыстарында байқалған.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Massaget.kz
Logotype Massaget