Билік өкілдері "Жол жүрісі туралы" Заңның №67 бабына М1 категориясындағы көлік құралының шанағы ауысқан жағдайда оны тіркеуге және тіркеу мәліметтерін өзгертуге тыйым салатын норма қосу арқылы түзету енгізуді жоспарлап отыр. Алайда бұл шектеу VIN-коды рамаға салынған машиналарға қатысы жоқ, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі kolesa.kz-ке сілтеме жасап.
Демек, оң рөлді көліктерден бөлек шанағы ауысқан "немесе соңғы тіркелген елде есептен алынған" машиналарды да бастапқы тіркеуге тыйым салынады.
Бұл шектеу VIN-коды рамаға жазылған көліктерге қатысты емес, олар тым ескі әрі шанағын ауыстырғанда ол бөлігіне тиіспейді.
Осылайша, билік өкілдері конструктор, бірдей нөмір таққан және "ауада қалған" көліктердің жолын кеспек. Автомобиль өзге елде есепте жоқ екенін электрон техпаспорттар базасынан тексереді.
Қазір шанақ ауыстыруға заң бойынша тыйым салынбаған. Полиция қызметкерлері бірнеше жыл бұрын көлік тіркеу ережесіне өзгеріс енгізу арқылы оны шектеуге тырысқан еді.
Жобаны Сенат депутаттары қарастырып жатыр.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!