Қазақстанда көлік жүргізушілерге жаңа айыппұл енгізілмек

Әділет министрлігі жылдамдықты айтарлықтай асырып, жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзғаны үшін жаңа айыппұл енгізуді ұсынып отыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекске өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасы "Ашық НҚА" сайтында жарияланған. Жоба жылдамдықты арттыру және басқа да жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін айыппұлдарды өзгертуді қарастырады.

"Белгіленген қозғалыс жылдамдығын сағатына 40-тан 80 шақырымға дейін асыру 20 АЕК (69 000 теңге), сағатына 80 және одан да көп километрге дейін - 40 АЕК (138 000 теңге) көлемінде айыппұл салынады. Бір жыл ішінде жылдамдықты сағатына 80 шақырым және одан да көп қайталап асырғаны үшін - 60 АЕК (207 000 теңге) көлемінде айыппұл салынады", - делінген құжатта.

Сонымен қатар, жобаға 596-бапта жаңа тармақ енгізілді, оған сәйкес көлік құралдарына, жүктерге, жолдарға, жол және өзге де құрылыстарға немесе өзге де мүлікке зақым келтірген, материалдық залал келтірген қарсы жолаққа шығып кеткені үшін жүргізуші 9 айға дейін көлік құралдарын басқару құқығынан айырылады. Сондай-ақ, заң жобасының авторлары қарсы жолаққа шыққаны үшін жүргізуші куәлігінен айырудың орнына 30 АЕК (103 500 теңге) көлемінде айыппұл салуды ұсынған.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!