Президент Ішкі істер министрі Ержан Сәденовті қабылдады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ержан Сәденов:
Еліміздегі криминогендік жағдай туралы ақпарат берді:
- жыл басынан бері қылмыстың төмендеуі байқалады. Қылмыстық құқықбұзушылық - 5,5 мыңға, қылмыс 10 мыңға азайған;
- қоғамдық орындарда және кәмелетке толмағандардың қатысуымен жасалған құқықбұзушылықтар саны төмендеген;
- қылмысты ашу көрсеткіштері жақсарған;
елімізде "Заң мен Тәртіп" қағидатын іске асыру, құқықбұзушылыққа "мүлдем төзбеушілік" және оның алдын алу шаралары туралы хабарлады: - жыл басынан бері әкімшілік құқықбұзушылықтың жолын кесу 40 пайызға артқан, соның ішінде ұсақ бұзақылықтың алдын алу 30 пайызға, көлік қозғалысы ережелерін бұзуға жол бермеу 48 пайызға көбейген;
- көлік жүргізу құқығынан айырылған жүргізушілер 32 пайызға артқан, олардың қатарында мас күйде рөлге отырғаны үшін жауапқа тартылған азаматтар бар;
- іздеуде жүрген 1,6 мыңнан астам қылмыскер ұсталған, олардың 158-і шетелде тұтқындалған;
ұйымдасқан, кибер және есірткі қылмыстарына қарсы іс-қимыл, жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қылмыстық атқару жүйесін жетілдіру және кадр үдерістерін цифрландыру жөніндегі Президент тапсырмаларының орындалу барысымен таныстырды.
Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздегі құқықтық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздік деңгейін одан әрі арттыру бойынша бірқатар тапсырма берді.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз