Қазақстанда көлік жүргізу құқығынан айырылған жүргізушілер 32 пайызға артқан

Қазақстанда көлік жүргізу құқығынан айырылған жүргізушілер 32 пайызға артқан
Фото: Tengrinews.kz/ Әлихан Сәриев

Президент Ішкі істер министрі Ержан Сәденовті қабылдады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ержан Сәденов:

Еліміздегі криминогендік жағдай туралы ақпарат берді:

  • жыл басынан бері қылмыстың төмендеуі байқалады. Қылмыстық құқықбұзушылық - 5,5 мыңға, қылмыс 10 мыңға азайған;
  • қоғамдық орындарда және кәмелетке толмағандардың қатысуымен жасалған құқықбұзушылықтар саны төмендеген;
  • қылмысты ашу көрсеткіштері жақсарған;
    елімізде "Заң мен Тәртіп" қағидатын іске асыру, құқықбұзушылыққа "мүлдем төзбеушілік" және оның алдын алу шаралары туралы хабарлады:
  • жыл басынан бері әкімшілік құқықбұзушылықтың жолын кесу 40 пайызға артқан, соның ішінде ұсақ бұзақылықтың алдын алу 30 пайызға, көлік қозғалысы ережелерін бұзуға жол бермеу 48 пайызға көбейген;
  • көлік жүргізу құқығынан айырылған жүргізушілер 32 пайызға артқан, олардың қатарында мас күйде рөлге отырғаны үшін жауапқа тартылған азаматтар бар;
  • іздеуде жүрген 1,6 мыңнан астам қылмыскер ұсталған, олардың 158-і шетелде тұтқындалған;
    ұйымдасқан, кибер және есірткі қылмыстарына қарсы іс-қимыл, жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қылмыстық атқару жүйесін жетілдіру және кадр үдерістерін цифрландыру жөніндегі Президент тапсырмаларының орындалу барысымен таныстырды.

Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздегі құқықтық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздік деңгейін одан әрі арттыру бойынша бірқатар тапсырма берді.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

С. Сатыбалдина
Logotype Massaget