Қазақстанда көлік жүргізетіндерге арналған мобильді қосымша пайда болды

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі "ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясы" АҚ-мен бірлесіп республикалық маңызы бар автожолдардағы қауіпсіздікті арттыру және кері байланысты жақсарту мақсатында Sapar мобильді қосымшасын әзірледі, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қазіргі уақытта қосымшаны PlayMarket және AppStore-да жүктеп алуға және пайдалануға болады.

"Мобильді қосымшада навигациясы бар маршрутты салу функционалы қолжетімді, автожолдардың қазіргі жай-күйі, трассалардың ашылуы/жабылуы, айналма жолдар, жөндеу жұмыстары, метеожағдайлар туралы өзекті ақпарат бар", - делінген хабарламада.

Республикалық жолдардың бойында орналасқан жол бойындағы сервис объектілері туралы барлық өзекті ақпарат жиналды. Ақылы жол учаскелері бойынша жол жүру теңгерімін толықтыруға мүмкіндік бар.

ҚазАвтоЖолдың call-орталығын жылдам теру функциялары, сонымен бірге байланыс орталығына ЖКО, жолдардың авариялық учаскесі, қозғалыс кезіндегі кедергі туралы мәтін, фото және видео түрінде хабарлау мүмкіндігі көзделген.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!