- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Қазақстанда қоқыс көметін...
Қазақстанда қоқыс көметін 624 қана полигон бар
Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев еліміздегі қоқыс полигондарының мәселесі қалай шешіліп жатқанын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Қазақстанда жылына 4,5 миллион тоннаға жуық коммуналдық қалдық жиналады, қалдықтарды сұрыптау және қайта өңдеу жөніндегі қуаттардың жеткіліксіздігіне байланысты полигондарда көміледі. Қалдықтарды басқару саласының негізгі көрсеткіштері - халықты қалдықтарды шығару жөніндегі қызметтермен қамтамасыз ету және қалдықтарды қайта өңдеуді дамыту. Осылайша Қазақстанның жасыл экономикаға көшуі жөніндегі Тұжырымдамаға сәйкес біз тұрғындарды 2030 жылға дейін қалдықтарды шығару қызметімен 81 пайыздан 100 пайызға дейін қамтамасыз етіп, қалдықтарды қайта өңдеуді қазіргі 24 пайыздан 40 пайызға дейін жеткізуіміз керек", - деді Экология министрі ОКҚ-да.
Әкімдіктердің мәліметінше, еліміздің 207 қала мен аудан орталықтары мен 130 елді мекен әртүрлі кезеңдерде қалдықтарды бөлек жинайды. 103 елді мекенде сұрыптау желілері немесе қолмен сұрыптау ұйымдастырылған.
"2023 жылы республика бойынша қатты тұрмыстық қалдық (ҚТҚ) полигондарының саны 3016 бірлік, оның ішінде, өкінішке қарай, экологиялық және санитариялық нормаларға сәйкесі – 624 (яғни, 20,6 пайыз). Әкімдіктермен және орталық мемлекеттік органдармен бірлесіп шағын және шалғайдағы елді мекендерде қатты тұрмыстық қалдық (ҚТҚ) полигондарын ресімдеу тетіктерінің пысықталып жатқандығын атап өткен жөн, - деді Нысанбаев.
Жасұлан Ордабаев
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
Massaget.kz