- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Қазақстанда кімге, қандай...
Қазақстанда кімге, қандай жәрдемақы төлемі қарастырылған?
Биыл 1 шілдеден бастап республикалық бюджеттен берілетін жәрдемақылар мөлшері ұлғайтылды. Massaget.kz тілшісі Қазақстанда қандай жәрдемақылардың түрі барына шолу жасады.
Мүгедектігі бар адамдарға арналған төлем
Бірінші, екінші және үшінші топтағы мүгедектер жәрдемақының екі түрін ала алады:
- Мүгедектігі бойынша Мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы;
- Арнайы мемлекеттік жәрдемақы.
Шарттарға байланысты екі жәрдемақы да бір уақытта тағайындалуы мүмкін.
1 шілдеден бастап бірінші топтағы мүгелектер 89 248 теңге алса, 2-топтағылар 71 398 теңге, ал 3-топтағы мүгедектер 48 681 теңге жәрдемақы алады.
Қазақстанда берілетін жәрдемақының тағы бір түрі - асыраушысынан айырылу жағдайындағы мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы.
- Асырауындағы 1 балаға - 37 322 теңге
- Асырауындағы 2 балаға - 68 964 теңге
- Асырауындағы 3 балаға - 91 276 теңге
- Асырауындағы 4 балаға - 105 475 теңге
- Асырауындағы 5 балаға - 111 560 теңге
- Асырауындағы 6 және одан көп балаға - 121 701 теңге
Елімізде мүгедек баланы тәрбиелеп отырғандар да жәрдемақы ала алады. Биыл 1 шілдеде жәрдемақының бұл түрі де көбейді. Яғни енді мүгедек бала тәрбиелеп отырғандар 65 313 теңге ала алады.
Сонымен қатар, 1-топтағы мүгедектерге күтім жасайтындар республикалық бюджет есебінен 65 313 теңге жәрдемақы алады.
Елімізде арнаулы жәрдемақы түрлері де бар. Мысалы саяси қуғын-сүргін құрбандары 4244 теңге ала алады.
Ал бұрын "Батыр-ана" атағын алған, І және ІІ дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен марапатталған, "Алтын алқа" алқаларымен марапатталған аналарға арналған жәрдемақы көлемі 25 530 теңге.
Қазақстанда тұрғын үй көмегі де бар.
- Көмекке жекешелендірілген тұрғын үйлерде тұратын немесе мемлекеттік тұрғын үй қорында жалға алушы азаматтардың тұрғын үйді ұстауына жұмсалатын шығындар;
- коммуналдық қызметтер және байланыс қызметтер;
- әкімдік жеке тұрғын үй қорында жалға алған тұрғын үйді пайдалану үшін жалдау төлемдері;
- электр энергиясының бір фазалық есептеуішінің құны кіреді.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина