Қазақстанда кімдерге көлік тізгіндеуге тыйым салынуы мүмкін?

Қазақстанда көлік жүргізушілеріне талап күшейеді. Мәжіліс депутаты Екатерина Смышляева кімдерге рөлге отыруға тыйым салынуы мүмкін екенін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Мәжілісте жол қауіпсіздігін цифрландыру және жүргізушілерді оқыту туралы заң жобасы қаралып жатыр. Заң жобасын талқылау барысында депутат Екатерина Смышляева медициналық мәлімет ІІМ базаларымен біріктірілетінін мәлімдеді. Енді жүргізушілер автоматты түрде тексеріліп, медициналық қарсы көрсетілімдері бар адамдардың көлік басқаруына жол берілмейді.

Сондай-ақ, анықтамаларды қолдан жасау мүмкіндігіне де тоқтау салынбақ.

"Заң жобасы жүргізушілерді даярлау жүйесін жетілдіру, салаға заманауи цифрлық құралдарды енгізу және цифрлық ортада адам қауіпсіздігін арттыру арқылы жол қозғалысы қауіпсіздігін жақсартуға бағытталған", - деді депутат.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!