- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Қазақстанда кімдер тегін...
Қазақстанда кімдер тегін баспана ала алады?
Қазақстанда тұрғын үй кезегінде жарты миллионнан астам адам тұр. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының орынбасары Бауыржан Қабдол қандай жағдайда кезекте тұрғандар тізіміне ілінуге болатынын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
Бауыржан Қабдолдың айтуынша, қазіргі сәтте әкімдіктерде 646 965 қазақстандық кезекте тұр.
Қазақстандықтар мына жағдайларда тұрғын үй алу үшін есепке тұра алады:
- азаматта соңғы бес жылда жылжымайтын мүлік болған жоқ;
- отбасы мүшелерінде соңғы бес жылда жылжымайтын мүлік болған жоқ;
- тұрақты тіркеуі бар (Астана, Алматы және Шымкент тұрғындарының тіркеуі үш жылдан және одан жоғары болуы тиіс);
- азаматтың табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 3,1 еселенген мөлшерінен төмен болуы тиіс, ол бүгінгі күні 125 758 теңгені құрайды (халықтың осал топтары үшін).
Комитет басшысының айтуынша, соңғы 10 жылда кезекте тұрғандар саны алты есеге артты.
"Бұл халық арасында тәуелділіктің артқанын көрсетеді", - деді Бауыржан Қабдол ОКҚ брифингінде.
Кезекте тұрған 647,9 мың адамның 256 мыңы халықтың әлеуметтік осал топтары санатына жатады.
2023 жылы қандай бағдарламалармен баспана алуға болады? Мына жерден оқыңыз.
А. Жапатова