Қазақстанда кімдер және қандай себеппен суицид жасайтыны айтылды

Қазақстанда кімдер және қандай себеппен суицид жасайтыны айтылды
Фото: freepik

Қазақстанда суицид жасау дерегі 7 пайызға, суицид әрекеті 17,5 пайызға төмендеген, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ranking деректеріне сілтеме жасап.

Қазақстанда суицид статистикасы төмендеді. ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің (ҚР БП ҚС АЕК) мәліметінше, 2022 жылы суицидтен қайтыс болғандар саны 4 мыңнан 3,7 мыңға дейін азайған. Бұл көрсеткішті кейінгі бес жылдықпен салыстырсақ, көрсеткіш орташа деңгейде екені көрінеді. 2023 жылғы қаңтар мен ақпанда 526 қазақстандық өз еркімен өмірімен қоштасты, бұл былтырмен салыстырғанда 5 пайызға аз.

Былтырдан айырмашылығы өз-өзіне қол жұмсау әрекеттері мен суицидтен қайтыс болу саны шамалас болған: 3,7 мың (айырмашылық тек 65 жағдай). Бұл да кейінгі бес жылдағы ең төменгі көрсеткіштердің бірі. Бір жыл бұрын мұндай әрекеттер әлдеқайда көп болған, яғни 4,5 мың.

Ер адамдар суицидке бейім. Суицидтен қайтыс болғандардың 78,9 пайызы - ер адамдар, яғни 2,9 мың, қалған 770-сі - әйел. Айырмашылық - төрт есе дерлік.

Қазақстандық БАҚ-та жасөспірімдердің өз-өзіне қол жұмсауы тақырыбы жиі қозғалады. Сонымен қатар, статистика бойынша, орта жастағы адамдар - 30-дан 54 жасқа дейін. Суицидтен қайтыс болғандардың жалпы статистикасында осы санаттың үлесі - 54,9 пайыз. Екінші орында егде жастағы адамдар, әрбір төртінші суицидті (23,5 пайызын) 55 жастан асқан қазақстандықтар жасаған.

Өз-өзіне қол жұмсап қайтыс болғандар ішінде 18 бен 29 жас аралығындағы жастардың үлесі - 17,3 пайыз, ал осы жас тобының суицид әрекетінің үлесі - 18,8 пайыз.

БП ҚС АЕК ресми деректері "Неліктен адамдар мұндай қадамға баруды шешеді?" деген сұраққа толық және жан-жақты жауап бермейді. Суицидтік мінез-құлық алдындағы факторлар туралы жарияланған деректерде олардың себебі 15,6 пайыз жағдайда ғана көрсетілген. Қалған 84,4 пайызы "басқа" немесе "белгіленбеген" деп қалдырылған. Тізімде көрсетілмеген және дамыған елдердегі адамдардың өз-өзіне қол жұмсауының жиі кездесетін себептері - депрессия немесе психикалық ауру (ДДСҰ деректері).

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова