Қазақстанда кімдер алаяқтарға жиі тап болады?

Қазақстанда кейінгі үш жылда халықтың қаржылық сауаттылық деңгейі өскен. Алайда олар көбіне телефон және интернет арқылы жасалатын алаяқтық түріне тап болатыны анықталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Қаржылық алаяқтықтың көп тараған түрлерінің бірі - телефон арқылы және интернет-алаяқтық. Респонденттердің жартысынан көбі қаржылық алаяқтыққа тап болған. Көбіне бұл телефон арқылы жасалатын алаяқтық - "вишинг"  және интернет-алаяқтық - "фишинг". Сауалнамаға қатысқандардың 21,6 пайызы қаржы пирамидалары тарапынан ұйымдастырылған алаяқтық құрбаны болған, ал 11,5 пайызы төлем карталары бойынша алаяқтыққа тап болды.

Бұл ретте алаяқтардың азаматтармен байланысының ең көп тараған тәсілдері ұялы немесе қалалық телефонға қоңырау шалу, сондай-ақ, әлеуметтік желілер мен мессенджерлердегі хабарламалар. 56 пайыз респондент мұның алаяқтық екенін бірден таныса, қалған 44 пайызы мұндай құқықбұзушылықты уақтылы анықтай алмаған.

Алаяқтардың айла-амалдарына көбінесе аға буын өкілдері сенеді, өйткені сауалнамаға қатысқандардың 50,7 пайызы, жасы 63-тен асқандар, арам пиғылды ажырата алмаған. Мұндай қулыққа ерлерге қарағанда әйелдер көбірек сеніп қалған.

Өңірлер бойынша адамдар Алматы және Шымкентте, Шығыс Қазақстан облысында және Астанада алаяқтардың арам пиғылын бірден түсіне алмайды. 

Алаяқтыққа тап болған жағдайларда не істеу керегі туралы тек 38 пайыз адам ғана хабардар. 

Бұл ретте, көбіне зейнеткерлер қылмыскерлерге дерегін айтып, қоңырау шалған ұйымнан ақпаратты ешқашан нақтыламады.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!