Әлеуметтік желілер мен БАҚ-та "Қазақстанда киім мен аяқ киім АҚШ-қа, Жапонияға және Канадаға қарағанда қымбат" деген ақпарат тарады. Олар Numbeo сайтына сілтеме жасаған. Желідегі деректі Factcheck.kz тексеріп көрді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Numbeo сайтында киім мен аяқ киімге қатысты рейтиң бар, оларда Қазақстандағы кей киімдерді АҚШ, Жапония, Канададан қымбат деп көрсетілген. Бірақ онда дереккөз ретінде тек бір дүкеннің (Lamoda) көрсеткіштері пайдаланылған. Ал ол бүкіл Қазақстанды білдірмейді. Сондай-ақ, рейтиң тек джинс, жазғы көйлек, еркектерге арналған аяқ киім мен Nike кроссовкаларын қамтиды. Рейтиңнің методологиясы дұрыс емес болғандықтан бұл ақпаратты растау не терістеу мүмкін болмады.
Numbeo сайтында Levis 501 және өзге де ұқсас брендтегі джинсилардың бағасы бойынша Қазақстан 48-орын, ал Nike аяқ киімінің бағалары бойынша 59-орында тұр. Аталаған рейтиңдерде Қазақстан расымен АҚШ-тан да, Канададан да, Жапониядан да жоғары.
Бірақ, біз бұған дейін бірнеше рет жазғанымыздай, Numbeo-ның деректерді жинауы мен өңдеуінде мәселелер бар. Ресурстың киімдерге қатысты рейтиңінде тек бір дүкеннің (Lamoda) бағалары дереккөз ретінде қолданылған көрсетілген. Жалпы методология бөлімінде деректерді жинау үшін пайдаланушы енгізген ақпараттар, дүкендердің уеб-сайттарындағы көрсеткіштері мен қолмен жиналған деректер пайдаланылатыны жазылған. Сондай-ақ, Nubmeo сайтында киім мен аяқ киімге қатысты 4 рейтиң бар. Олар: Levi’s 501 және осыған ұқсас джинсылар, Nike аяқ киімі, ерлердің былғары аяқ киімі және жазғы көйлектер ( Zara немесе H&M) бағалары. Яғни, рейтиңдер елдердегі киімдер мен аяқ киімдердің толық бағаларын көрсетпейді.
БҰҰ-ның Статистикалық комиссиясының қолдауымен Дүниежүзілік банк Халықаралық салыстырулар бағдарламасы (ХСБ) жобасын жүзеге асырады. Дүниежүзілік банк 2024 жылы ХСБ-ның 2021 циклі бойынша нәтижелер жарияланды. Яғни, киімдер мен аяқ киімдер туралы Ұлттық банктің кейінгі дерегі 2021 жылғы көрсеткіштерге негізделген. Онда Қазақстан әлемдік орташа баға деңгейінен 13 көрсеткішке кем. Бұл дегеніміз киімдердің қымбаттылық деңгейін 100 баллдық шкаладан есептесек, Қазақстан 86,8 деген көрсеткішке ие. Әлемдік рейтиңде Жапония 134,5 көрсеткішпен 20-орында, Канада 139,57 көрсеткішпен 15-орында, ал АҚШ 122,8 көрсеткішпен 40-орында орналасқан. Байқасақ, аталған 3 елде де киім мен аяқ киім бағалары халықаралық орташа бағадан жоғары.
Ұлттық статистика бюросының баспасөз хатшсысының Factcheck.kz-ке берген жауабына сай, бюрода киімдер мен аяқ киімдердің орташа бағасы туралы дерек жоқ. Бірақ, онда аталған тауарлардың баға өсімі индексі бар. Мысалы, 2024 жылы киім мен аяқ киім бағасы 110,9%-ке өскен. Бұл көрсеткіш 2023 жылы 119,1% болған еді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!