Қазақстанда кезектен тыс президент сайлауы басталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Айта кетейік, бұл жолғы сайлауда алты кандидат бар.
Қарақат Әбден "Кәсіби әлеуметтік қызметкерлердің ұлттық альянсы" республикалық қоғамдық бірлестігінен;
Нұрлан Әуесбаев оппозициялық Жалпыұлттық социал-демократиялық партиядан;
Жигули Дайрабаев "Ауыл" халықтық-демократиялық патриоттық партиясынан;
Мейрам Қажыкен "Аманат" республикалық кәсіподақтар бірлестігінен;
Қасым-Жомарт Тоқаев қоғамдық-саяси күштердің халықтық коалициясынан;
Салтанат Тұрсынбекова "Қазақ аналары – дәстүрге жол" республикалық қоғамдық бірлестігінен.
Бірнеше кандидат, оның ішінде, Қарақат Әбден, Жигули Дайрабаев, Нұрлан Әуесбаев дауыс беріп үлгерді.
Одан бөлек, Алматы әкімі Ерболат Досаев, премьер-министр Әлихан Смайылов, Мәжіліс спикері Ерлан Қошанов, Мемлекеттік кеңесші Ерлан Карин де дауыс берді.
ОСК мәліметтері бойынша, 8150 учаске дауыс беруге кірісті. Сондай-ақ, 11 шет мемлекеттегі Қазақстан өкілдіктері жанынан 12 учаске дауыс беруге кірісті.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!