Қазақстанда кейінгі тәулікте коронавирус жұқтырғандар азайды

Қазақстанда кейінгі тәулікте коронавирус жұқтырғандар азайды
Фото: Tengrinews.kz

Қазақстанда кейінгі тәулікте коронавирус жұқтырғандар азайды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, 1 сәуірдің қорытындысы бойынша 45 адам коронавирус жұқтырды, бұл бір күн бұрынғыдан 34 адамға аз.

Елімізде қазір 1 790 адам коронавирус инфекциясынан (–1 611+ және 179 КВИ-), оның ішінде 179 пациент стационарда, 1 611 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

  • 3 адамның жағдайы ауыр;
  • 2 пациенттің жағдайы өте ауыр;
  • 2 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.

Еске салайық, бір күн бұрын Қазақстанда 79 адамнан коронавирус жұқтырып, бір адам қайтыс болған еді және 3 адамнан коронавирус белгілері бар пневмония табылды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан