Қазақстанда 25 ақпанның қорытындысы бойынша 67 адам коронавирус жұқтырды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Денсаулық министрлігіне сілтеме жасап.
Қазақстанда коронавирус инфекциясымен ауырып жатқандар туралы 2023 жылғы 26 ақпандағы мәлімет бойынша, 1 726 адам коронавирус инфекциясынан (–1 562+ және 164 КВИ-), олардың ішінде 107 пациент стационарда, 1 619 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
• 4 адамның жағдайы ауыр;
• 3 пациенттің жағдайы өте ауыр;
• 1 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.
Еске салайық, Қазақстанда бір күн бұрын 91 адам коронавирус, ал 3 адам коронавирус белгілері бар пневмония жұқтырған еді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!