Қазақстанда кейінгі екі жылда алғаш рет сілеусін фототұзаққа ілікті

Алматы облысында сілеусін фототұзаққа ілікті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетіне сілтеме жасап.

Кейінгі екі жылда алғаш рет бұл жануар "Шарын" ұлттық паркіндегі Бұғыты тау учаскесіне орнатылған фототұзақ объективіне түсіп қалды.

Бұл жыртқыш негізінен түнде белсенді, оңай әрі ешбір дыбыс шығармай қозғалады. Ал сілеусін терісінің ала болып келуі, оны ағаштардың арасына оңай жасыруына көмектеседі, себебі күн сәулесінен түскен жарықтан сүтқоректі байқалмай қалады.

Шабуылдау барысында 4 метрге дейін секіреді. Сонымен қатар ересек дарағы 1 күнде 30 шақырымға дейінгі арақашықты еңсере алады.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!