Қазақстанда кейбір коммуналдық қызмет тарифін көтеру кейінге қалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Cенбіде вице-премьер - ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен Үкіметте жиын өтіп, бірінші жартыжылдықтағы инфляция қорытындысы қаралды.
Ақылы қызметтер бірінші жартыжылдықта инфляция өсімінің негізгі факторы болған: 16,1%.
"Осыған байланысты Үкімет коммуналдық қызметтер тарифінің өсу қарқынын реттеу туралы шешім қабылдады. Коммуналдық қызмет тарифін өсіруді ішінара кейінге қалдырды. Бұл азаматтардың қаржылық жүктемесін азайтуға және инфляция деңгейін тұрақтандыруға мүмкіндік береді", - деп жазылған хабарламада.
Еске салайық, бұған дейін Қазақстанда коммуналдық қызметтер үшін бірыңғай түбіртек енгізілетіні хабарланды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова