• 500.67
  • 490.7
  • 6.04

Қазақстанда келесі жылы пилотсыз ұшақ такси іске қосылады

Қазақстанда келесі жылы пилотсыз ұшақ такси іске қосылады
Фото: depositphotos.com

Қазақстанда 2026 жылы аэромобильді такси қызметі пайда болуы мүмкін. Бұл туралы Көлік министрі Марат Қарабаев Үкімет отырысында мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Министрдің сөзінше, жолаушыларды Алматы әуежайынан Алатау қаласына дейін аэромобиль арқылы тасымалдау мәселесі қарастырылып жатыр. Аэромобиль - сутегімен жұмыс істейтін шағын тікұшақ. Сыйымдылығы - 5 адамға дейін.

"Қазір бұл технологияны Оңтүстік Корея мен АҚШ-тың компаниялары жақсы дамытып жатыр. Қазақстандағы компания осы саланы дамытуға қызығушылық танытты. Осы саланы жіті зерттеп жатырмыз, оны пилоттық жоба ретінде қолдану мәселесін пысықтаудамыз", - деді Марат Қарабаев Үкімет отырысынан кейінгі брифингте.


Ведомство басшысы 2026 жылдың бірінші жартыжылдығында пилоттық жобаны іске қосу жоспарланып отырғанын айтты. Бірінші кезеңде аэромобиль Алматы әуежайынан Алатау қаласына дейін қатынауы мүмкін.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

А. Бақдаулет
Logotype Massaget