Қазақстанда қазақтың жағдайы шешілмесе, жағдай реттелмейді - Абзал Құспан

Адвокат, Мәжіліс депутаты Абзал Құспан елдегі мәселені шешу үшін неден бастау керегін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл туралы ол "Қасқа жол" бағдарламасына берген сұхбатында бөлісті. 

"Қазақстанда қазақтың жағдайы шешілмесе, ешқашан жағдай реттелмейді. Мен мұны Қаңтар оқиғасы болмай тұрып та айтқанмын. 2016 жылы жаппай жер митингісі де болмай тұрып айтқанмын. Одан кейін де, қазір де айтамын. Мемлекет басшылары, Үкімет қазақтың жағдайын жасауға жұмысытануы керек. Тек экономикалық жағдай емес, 30 жылда берілген уәделерді шешу керек: тіл мәселесі, дінді реттеу керек, қарапайым отбасының экономикалық жағын реттеу керек. Мұны іске асыру оңай емес", - деді ол. 

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!