Қазақстанда қазақ картасын ашу ұсынылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Еңбек министрлігі мәліметіне сілтеме жасап.
Ведомство мәліметінше, қазақ картасын енгізу тарихи Отанмен байланысты нығайту мақсатында ұсынылған.
"Ол жоғары деңгейдегі мамандар немесе өз елдерінде табысты бизнес-кейстерді іске асырған және оларды Қазақстанда кеңейтуге ниет білдірген этникалық қазақтарға (басқа елдердің азаматтарына) арналады", - делінген хабарламада.
Картаны иеленген адамда саяси құқықтарды қоспағанда, тұру құқығымен бірдей болатын елге жеңілдетілген кіру құқығы (бизнес ашу, жылжымайтын мүлікке және басқа мүлікке иелік ету, қаржылық операцияларды жүргізу) болады.
Сондай-ақ, ведомство оларды іске асыру мақсатында көші-қон саясатының алдағы 5 жылға арналған жаңа тұжырымдамасы шеңберінде ішкі көші-қонды ынталандыруға бағытталған бірқатар шара көзделетінін хабарлады.
"Мемлекет басшысының ішкі көші-қон саясатын қайта қарау жөніндегі тапсырмасын орындау үшін жаңа Тұжырымдама шеңберінде елдің басқа облыстарында негізделген трансферт және қолданыстағы бизнес-жобаларды кеңейту арқылы жұмыс орындарын құра отырып, азаматтардың солтүстік және орталық өңірлерге реттелетін қоныс аударуын ұйымдастыру тетігі көзделеді", - делінген хабарламада.
Осы бағыт шеңберінде:
Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында жаңа тұжырымдама аясында тарихи Отанында қандастарды қабылдау және жайғастыру саясаты да қайта қаралады.
Атап айтқанда, құжаттарды қабылдау кезеңінде қандастың келетін жерін айқындау тетігін енгізу және осы өңірде тұрақты тұрудың белгілі бір мерзімінен кейін азаматтық бере отырып, еңбек күші тапшы өңірлерге көшуді реттеу мен ынталандыру жөнінде шаралар қабылдау көзделеді.
Бұл тәсіл Германияда, Израильде және Ресейде отандастардың жергілікті қоғамға интеграциялану процестерін реттеу және ұлттық экономиканың қажеттіліктерін ескере отырып, олардың әлеуетін пайдалану үшін сәтті қолданылғаны айтылды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!