- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Қазақстанда қай сала...
Қазақстанда қай сала мамандарының жалақысы аз?
Биыл екінші тоқсанда жалдамалы қызметкерлердің орташа айлық жалақысы 287,1 мың теңгеге жетті. Бұл былтырмен салыстырғанда 22,9 пайызға көп, - деп хабарлайды Ranking.kz.
Салыстырмалы түрде 2021 жылы қазақстандық компания қызметкерлерінің орташа айлық жалақысы 233,5 мың теңге болған. Бұл 2020 жылдың екінші тоқсанымен салыстырғанда 18 пайызға көп.
Биыл ең көп жалақы тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу, сондай-ақ қаржы және сақтандыру қызметі салаларындағы қызметкерлерде байқалған: 561,6 мың және 540,4 мың теңге.
Одан кейінгі орында - ақпарат және байланыс саласының қызметкерлері (378,9 мың теңге), кәсіби, ғылыми және техникалық сала мамандары (378,7 мың теңге), көлік және сақтау саласының мамандары (330,4 мың теңге).
Ал денсаулық сақтау саласы мамандарының жалақысы 2021 жылдың екінші тоқсанымен салыстырғанда 1,6 пайызға азайған.
Аз жалақы сумен жабдықтау, сондай-ақ қалдықтарды жинау, өңдеу және жою, ластануды жою жөніндегі қызмет салаларының қызметкерлерінде (167,9 мың теңге), ауыл, орман және балық шаруашылығы қызметкерлерінде (171,1 мың теңге), сондай-ақ өнер, ойын-сауық және демалыс қызметкерлерінде (179,4 мың теңге).
Ал өңірлер бойынша, 2022 жылдың екінші тоқсанында Атырау және Маңғыстау облыстарындағы мұнай өндіру саласы қызметкерлерінің жалақысы көп болған: 471,9 мың және 414,8 мың теңге. Одан кейін Ұлытау облысында - 364 мың теңге, Астанада - 346,7 мың теңге және Алматыда 314,8 мың теңге.
Ең аз жалақы Солтүстік Қазақстан облысында (212,1 мың теңге), Шымкентте (218,7 мың теңге) және Қостанай облысында (223,8 мың теңге) тіркелген.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина