Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі өкілі жол сапасы нашар өңірлерді атады, - деп хабарлайды Massaget.kz.
Үкімет отырысында индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев жолдарды тексерудің қорытындысын айтты.
"Биыл жергілікті маңызы бар жолдардың сапасын бақылау барысында 9 мыңға жуық сынама алынды, оның 2,5 мыңы, яғни 28 пайызы талапқа сай емес", - деді Өскенбаев.
Ведомство мәліметінше, жол сапасы бойынша талапқа сай келмейтін өңірлер тізімі:
- Шымкент - 71 пайыз;
- Маңғыстау облысы - 61 пайыз;
- Алматы - 56 пайыз;
- Шығыс Қазақстан облысы - 49 пайыз;
- Батыс Қазақстан облысы - 43;
- Түркістан - 40 пайыз.
"Ескертулерге қарамастан, тапсырыс берушілер нысандарды пайдалануға қабылдап жатыр. Кейбір өңірде мұндай деректер бойынша қылмыстық істер қозғалды", - деді министр.