Қазақстанда қай өңірлер "сары" аймаққа өтуі мүмкін?

Қазақстанда қай өңірлер "сары" аймаққа өтуі мүмкін?

COVID-19 таратпау жөніндегі ведомствоаралық комиссия эпидемиологиялық жағдай бойынша "сары" аймаққа жақын өңірлерді көрсетті. Сырқаттанушылық артса, олар "сары" аймаққа өтуі мүмкін, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазір "сары" аймақта тек Нұр-Сұлтан тұр. Елордада бір тәулікте коронавирустың 806 жаңа жағдайы тіркелген.

Матрицада Алматы мен Жетісу облыстары, сондай-ақ Алматы қаласы "сары" аймаққа жақын келгені көрінеді. Алматыда тәулігіне 532 жаңа жағдай анықталған, ал екі облыста жағдай - 83 және 84.

2022 жылғы 25 шілдедегі жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы: "Сары" аймақта: Нұр-Сұлтан қаласы.

"Жасыл" аймақта: Алматы, Шымкент қалалары, Алматы, Ақтөбе, Атырау, Ақмола, Абай, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Жетісу, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Ұлытау, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Түркістан облыстары.

Г. Досымшалова