Қазақстанда қай өңір жемқорлық бойынша көш бастап тұр?

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі қай өңірде жемқорлық дерегі көп тіркелгенін мәлімдеді. Бұл туралы Massaget.kz тілшісі жолдаған ресми сауалға жауапта айтылған.

Қай өңірлер антирекорд көрсетті?

Антикор мәліметінше, биылғы 10 айда тіркелген жемқорлық қылмыстардың ең көп саны Шымкент (87), Астана (83) қалаларында, сондай-ақ Алматы (67) және Абай облыстарында (55).

depositphoto 

Өңірлерде қандай салаларда жемқорлық деңгейі жоғары?

Агенттік өкілдері бұл өңірлерде көбіне қай салада жемқорлық дерегі көп анықталғанын айтты:

  • Шымкент қаласында Әлеуметтік қамсыздандыру және денсаулық сақтау саласында 9 қылмыс, білім беру саласында 7 қылмыс тіркелген.
  • Астана қаласында білім беру саласында - 13;
  • Алматы облысында білім беру саласында - 21;
  • Абай облысының ауыл шаруашылығы саласында 6 жемқорлық қылмысы тіркелген.

Еске салайық, бұған дейін Антикор қазақстандықтарға ескерту жасады. 

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!