Қазақстанда қай өңір халқы кедей тұратыны анықталды

Үй шаруашылықтарын іріктеп тексеру қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасында табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен халықтың үлесі 2022 жылдың IV тоқсанында 5 пайыз болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап. 

Ведомство мәліметінше, кедейліктің тереңдігі мен өткірлігі көрсеткіштерінің мәндері тиісінше 0,8 және 0,2 пайыз болған.

2022 жылғы IV тоқсандағы өңірлер бойынша ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен табысы бар халықтың үлесі:

Қалалық және ауылдық жерлерде табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен халықтың үлесін айтарлықтай саралау әлі де сақталып отыр. Мәселен, есепті кезеңде ауылдық жерлердегі көрсеткіштің мәні қалалық жерлердегі көрсеткіштің мәнінен (4 пайыз) 2,6 п.т. асып, 6,6 пайыз болды.

Кедейлік қаупіне үй шаруашылығының мөлшері қатты әсер етеді. Осылайша, 5 және одан да көп адамнан тұратын үй шаруашылықтары арасындағы кедейлік деңгейі 2022 жылдың IV тоқсанының қорытындысы бойынша 8,9 пайыз болды, бұл жалпы кедейлік деңгейінен 2 есе дерлік жоғары.

Айта кетейік, Қазақстан бойынша 2022 жылдың IV тоқсанында жан басына шаққандағы ең төменгі күнкөріс деңгейі айына орташа есеппен - 46 671 теңге.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!