- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Қазақстанда қай қалада...
Қазақстанда қай қалада пәтер жалдау бағасы қымбат?
Қазақстанда жалға берілетін тұрғын үй бағасы қайтадан қымбаттай бастады. Бір ай ішінде, 27 маусым мен 26 шілде аралығында орташа тарифтер 4,2%-ға өскен, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Krisha.kz сайтына сілтеме жасап.
Қай қалада пәтерді жалдау ақысы бір айда қымбаттады?
- Қостанай, Петропавлда: әрқайсысы 10 пайыз;
- Алматы, Шымкент: әрқайсысы 7 пайыз;
- Ақтау: 5 пайыз;
- Ақтөбе: 4 пайыз;
- Астана, Қарағанды, Орал: әрқайсысы 3 пайыз;
- Павлодар, Көкшетау: әрқайсысы 2 пайызға өскен.
- Атырауда баға өзгерген жоқ. Ал Өскеменде 1 пайызға төмендеген.
Бұл ретте қаңтар айынан бергі статистикаға көз жүгіртетін болсақ, жалға алу ақысы орташа есеппен небәрі 3 пайызға ғана қымбаттаған.
Қостанай 13 пайыз, сондай-ақ Ақтау 10 пайыз, Ақтөбе 9 пайыз тарифті көтеру бойынша көшбасшылар қатарында.
Сонымен қатар, жалға алу ақысы да төмендеді.
- Көкшетау қаласында: 6 пайыз;
- Өскемен: 5 пайыз;
- Алматы: 1 пайызға төмендеген.
- Астанада орташа жалдау бағасы өзгеріссіз қалды.
27 шілдедегі жағдай бойынша Қазақстан Республикасының қалаларында жалға берілетін тұрғын үйлердің орташа бағасы мынадай:
- бір бөлмелі пәтер – 124 мың теңге;
- екі бөлмелі пәтер – 165 мың теңге;
- үш бөлмелі пәтер - 209 мың теңге.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Алғабек