- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Шетел мигранттар
Қазақстанда қай елдің азаматтары көп жұмыс істейді?
Фото:
Midjourney
Қазақстанда 13 707 шетел азаматы жұмыс істейді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қай салаларда шетелдіктер көп?
Экономикалық қызмет түрлері бойынша ең көп жұмыс істейтіндер мына салаларда:
- құрылыс саласында 5 144 адам,
- ауыл, орман және балық шаруашылығы саласында 1 638 адам,
- әкімшілік және көмекші қызметтер саласында 1 439,
- өңдеу өнеркәсібі 1 376 адам,
- тау-кен өнеркәсібі және карьерлерді қазу 1 344 адам.
Еңбек мигранттары көбіне қай елден келеді?
Еңбек мигранттары келетін негізгі елдер: Қытай - 4 600 адам, Өзбекстан - 1 698 адам, Түркия - 1 145 адам, Үндістан - 1 101 адам.
"Ішкі еңбек нарығын қорғау мақсатында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жыл сайын республикаға шетел мамандарын тартуға квота белгілейді және бөледі. 2024 жылы жалпы квота республикадағы жұмыс күшінің санына қатысты 0,23 пайыз немесе 21,5 мың бірлік мөлшерінде белгіленді", - деп жазылған хабарламада.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
Ж. Қадыржанова