Қазақстанда Қауіпсіздік кеңесінің аппараты құрылды

Қазақстанда Қауіпсіздік кеңесінің аппараты құрылды
Фото: Ақорданың баспасөз қызметі

Президент "Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы" Жарлыққа қол қойды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Жарлыққа сәйкес Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік орган ретінде Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Аппараты құрылды.

Кеше бірінші шақырылымдағы Құрылтайдың бірінші сессиясының ашылуында сөйлеген сөзінде Қасым-Жомарт Тоқаев алдағы уақытта тағайындалатын Қауіпсіздік кеңесі төрағасының орынбасары лауазымы туралы хабарлаған еді.

"Құрылтай құрылымы қалыптасқаннан кейін мен депутаттардың қарауына вице-президент пен Премьер-Министрдің кандидатураларын ұсынамын. Содан кейін сіздермен кеңесе отырып, Үкімет мүшелерін тағайындаймын. Сонымен қатар Қауіпсіздік кеңесі төрағасы орынбасарының жаңа лауазымына тағайындау жасалады", — деді Президент.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

С. Бөлек
Logotype Massaget