Қазақстанда қатты пайдалы қазбалар бойынша 987 кен орны бар, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қазақстанның минералдық-шикізат базасына қатты және кең таралған пайдалы қазбалар, көмірсутектер және жерасты сулары кен орындары кіреді. Барлығы 987 аса қатты пайдалы қазбалар кен орны мемлекеттік есепке алынған. Бұл туралы ҚР ӨҚМ Геология комитетінің төрағасы Ерлан Акбаров мәлімдеді.
"Геологиялық барлау нәтижелері бойынша 2023-2024 жылдары алғаш рет мына кен орындар мемлекеттік есепке алынды: қатты пайдалы қазбалар - 27, көмірсутектер - 10, жерасты сулары - 23. Пайдалы қазбалардың ресурстары мен қорлары бойынша алтын 522 тоннаға; күміс 281 мың тоннаға; хром кендері 2383 мың тоннаға, уран 44 мың тоннаға және т.б. өсім тіркелді", - деді спикер ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.
Сондай-ақ геологиялық жете зерттеу нәтижесінде асыл, түсті және қара металдар бойынша 60 учаске анықталған.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!