Қазақстанда қатесі бар оқулықтардың шығынын баспа үйі көтереді

Қазақстанда қатесі бар оқулықтардың шығынын баспа үйі көтереді
Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Қазақстанда қатесі бар оқулықтардың шығынын баспа үйі көтереді,  - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Республикалық ғылыми-практикалық білім мазмұнын сараптау орталығының мәліметінше, енді полиграфиялық ақау, сондай-ақ, пәндік сараптама комиссиясы бекіткен нұсқадан ауытқу нәтижесінде кеткен қателер мен басқа да кемшіліктер анықталған жағдайда, оқулықтар мен оқу әдістемелік кешендерді баспа өз есебінен ауыстыруға міндетті.

"Біз мұндай құқықтық норма арқылы барлық тараптың өзара жауапкершілігін күшейту мектептегі оқу әдебиетінің сапасын арттыруға оң әсер етеді деп санаймыз", - дейді орталық басшысы Елдос Нұрланов.

Еске салайық, кейінгі үш жылда Оқу-ағарту министрлігі мемлекеттік сараптама рәсімдерінің объективтілігін арттыруға, сарапшыларға, авторларға және оқулықтарға қойылатын талаптарды нақтылауға бағытталған бірқатар заңнамалық шара қабылдады.

2020 жылы сараптама жүргізу процесі толығымен құпия режимге ауыстырылды. Министрлік сайтында pdf және epub форматындағы қағаз оқулықтардың электрон нұсқалары ашық орналастырылып, авторлар көрсетілмейтін болды. Бұл - сараптаманың әділдігі мен ашықтығын қамтамасыз ететінін шара. Сондай-ақ, баспаларға ішкі сараптама жүргізу, авторлардың оқу әдебиеттерін әзірлеудің әдіснамасы, оларды бағалау критерийлері бойынша оқыту курсынан өткізу жауапкершілігі жүктелді.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек