Қазақстанда кассациялық соттар құрылмақ, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Парламент палаталарының бірлескен отырысында "Қазақстанның сот жүйесі және судьяларының мәртебесі туралы" Конституциялық заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Конституциялық заңының жобасы бірінші оқылымда мақұлданды.
Конституциялық заң жобасы сот төрелігінің атқарылу сапасын, судьялар корпусының кәсіби біліктілігін, олардың жауапкершілігі мен тәуелсіздігін арттыруға бағытталған құқықтық тетіктерді жетілдіру арқылы сот жүйесін одан әрі дамытуды көздейді.
Сенат депутаты Нұрлан Бекназаров заң жобасына енгізілген түзетулерді 3 бағытқа бөлуге болатынын айтты.
1. Сот жюриінің жұмысын жетілдіруге қатысты.
Сот жюриімен сот ісін қарау кезінде заңдылықтың өрескел бұзылуының әрбір фактісі бойынша судьяға қатысты тәртіптік іс материалдарын тексерудің жаңа тетігі енгізіледі. Бұл судьялар тарапынан заңбұзушылықтарды болдырмауға оң әсерін тигізеді.
Ұсынылып отырған норма шеңберінде, жоғары тұрған сот тарапынан төменгі тұрған соттың істі қарауы барысында заңдылықтың өрескел бұзылу фактісі анықталған жағдайда облыстық немесе Жоғарғы соттың төрағасы тиісті пленарлық отырыста судьяны тәртіптік жауапкершілікке тарту немесе тартпау туралы мәселені талқылау жөнінде Сот жюриіне ұсыныстар береді.
Пленарлық отырыстың қандай да болса шешіміне қарамастан заңдылықтың өрескел бұзылу фактілері бойынша барлық материал тексеру үшін Сот жюриіне жіберіледі. Қазір тәртіптік іс жүргізуді қозғау туралы шешімдерді Жоғарғы соттың және облыстық соттардың пленарлық отырыстары қабылдайды. Нәтижесінде іс жүзінде Сот жюриіне осындай заңбұзушылықтардың азғантай ғана бөлігі қарауға түседі.
Тәртіптік істер бойынша жүктеменің ұлғаюы мүмкін деген болжамға байланысты Конституциялық заң жобасымен Сот жюриінің құрамын 9-дан 15 мүшеге дейін ұлғайту қарастырылған. Оған 13 судья, сондай-ақ кеңесші дауыс беру құқығы бар заңгерлер қауымының 2 өкілі енеді.
2. Сот төрелігінің сапасы жөніндегі комиссияның ұйымдастырылуы мен қызметінің тәртібін өзгертуді қамтиды:
Бұл тетік судьялар корпусының сапасын арттыруды көздейді:
3. Судьялардың тәуелсіздігін қамтамасыз ету тұрғысынан олардың құқығы мен әлеуметтік кепілдігіе күшейту.
Парламент палаталарының бірлескен отырысында депутаттар заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады.
Отырыстан соң Мәжіліс депутаты Абзал Құспан заңдағы басты жаңалықты атады.
"Заң жобасы бірінші оқылымда қаралды. Екінші оқылымға дейін өзгерістер мен толықтырулар болуы мүмкін. Заңдағы ең басты жаңалық – кассациялық соттардың құрылуы. Бұл мәселені заңгерлер қауымы бұрыннан көтеріп келе жатыр. Осы уақытқа дейін тәртіп қандай еді? Жоғарғы сотта бір судья кассациялық алқаға істі бере ме, бермей ме? Осы мәселені бір өз шешіп келді. Осыны жоямыз. Бұл туралы президентке айтқанбыз. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес кассациялық соттар өз алдына бөлек құрылғалы жатыр", - деді ол.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз