Қазақстанда қашықтан оқуға арналған білім беру ресурстары жарияланды

Білім және ғылым министрлігі Қазақстандағы төтенше жағдай режиміне байланысты жоғары оқу орындарындағы білім беру процесін қашықтан оқу әдісіне уақытша ауыстырып, мектеп оқушыларын 5 сәуірге дейін көктемгі демалысқа жіберді. Төтенше жағдай мерзімі ұзарған жағдайда оқушылар да сабақты қашықтан оқуы мүмкін. Осыған орай министрлік қашықтан оқуға арналған бекітілген білім беру ресурстарын жариялады.

"Оқу процесін ұйымдастыру үшін педагогтар мен студенттерге электрон платформаларға кіруге жағдай жасалады. Оқыту құралы ретінде видео-сабақтар, дербес онлайн-жұмыс, онлайн-курстар пайдаланылады. Бізде "Bilimland", "Google Classroom", "MOODLE", "Univer", "Platonus", "Canvas", "Daryn.online" сынды жақсы жүйелер бар. Сондай-ақ "Coursera" өз курстарын тегін ұсынды және "ZOOM" оқыту барысында сервисті тегін пайдалануға жағдай жасады", - деп жазды Facebook-те Асхат Аймағамбетов.

Барлығына арналған:

1. "Coursera" – жаппай онлайн-білім беру саласындағы жоба. Компания ҚР Білім және ғылым министрлігіне ақпаратқа тегін қол жеткізу ұсынысымен жүгінгендігін айта кеткен жөн.
https://www.coursera.org/

2. Хан академиясы – коммерциялық емес білім беру ұйымы. Оқушылар үшін ресурс қолжетімді әрі тегін.
https://ru.khanacademy.org/

Оқушыларға арналған:

1. «Bilim media Group». 40 мыңнан астам материал шоғырланған білім беру контенті бар үлкен база. Қазақстандық компания барлық ресурстарға деген қолжетімділікті тегін ашып отыр.
https://bilimland.kz

2. «Daryn Online». Бағдарлама мазмұны Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына сәйкес келеді.
https://daryn.online

3. Opiq Платформасы. Интерактивті ресурсқа мектеп оқулықтары жүктелген. Оқулықтардың басым бөлігі «Алматыкітап» баспасына тиесілі. Аталған эстониялық жобаға басқа да кітап баспалары қосылады деп күтеміз.
www.opiq.kz

4. ҰБТ-ға дайындалуға арналған виртуалды тренажер iTest.
www.itest.kz

5. Оқушылар мен студенттерге арналған білім беру порталы.
https://100ballov.kz/

6. NIS Play
https://play.nis.edu.kz/application/registration

7. STEM академиясы.
https://stem-academia.com/en/main-page/

8. IMektep бастауыш мектеп бағдарламасы.
www.imektep.kz

9. STEM зерттеу платформасы.
https://makeathon.kazneuro.kz/

Колледждерге арналған:

1. Atameken Academy
https://atameken.co/ru/courses

ЖОО-ға арналған:

1. Moodle – курсты басқару жүйесі, сондай-ақ оқытуды басқару жүйесі немесе виртуалды оқыту ортасы ретінде белгілі. Еліміздің жоғары оқу орындары осы ресурсты пайдаланатыны қуантады.
https://moodle.enu.kz/

2. Республикалық жоғары оқу орындары арасындағы электрондық кітапхана
https://www.rmeb.kz

3. QAZAQSTAN TARIHY
https://e-history.kz/ru/scorm

4. «Қарапайым математика»
https://www.bymath.net/

5. Blended learning
https://blendedlearning.pro/