Қазақстанда қартаю индексі артып жатыр. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы мәліметінде көрсетілген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
2021 жылы елде халықтың қартаю индексі 26,6 болған. Бұл - 0 жастан 15 жасқа дейінгі әрбір 100 балаға елімізде 65 жастан асқан 26,6 азаматтан келеді деген сөз. 2017 жылы бұл көрсеткіш 25,9 деңгейінде болған.
Ауылдық жерлермен салыстырғанда, қалаларда қартаю көрсеткіші жоғары, онда - 28,7. 2019-2020 жылдардағы қала индексі 29,1 деңгейінде болған.
"Өңірлер арасында СҚО-да ең жоғары көрсеткіш, онда 66,5. Ең жас қала Шымкент болып шықты, онда 100 балаға 65 жастан асқан 14,3 адамнан келеді. Елорда халқы да салыстырмалы түрде жас, Нұр-Сұлтанда индекс 17,3 болып отыр.
Ауыл тұрғындары бойынша қартаю индексі қала көрсеткішінен 4,9-ға (23,9) аз. Бес жыл ішінде көрсеткіш аздап өзгерген, 2017 жылы 100 балаға 22,4 ересек адамнан келген еді", - делінген хабарламада.