1 ақпан сағат 18:00-дегі жағдай бойынша қолайсыз ауа райының салдарынан бес облыста республикалық маңызы бар автожолдардың бес учаскесінде автокөліктің барлық түрі үшін шектеу енгізілді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "ҚазАвтоЖол"-дың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жамбыл облысында – 1 учаске:
- "Алматы-Ташкент-Термез" 534-593-шақырым, Айша Бибі а. – Түркістан обл. шек.– 59 шақырым (бұрқасын, жолдың дұрыс көрінбеуі салдарынан).
Жетісу облысында – 1 учаске:
- "Үшарал-Достық" 84-184-шақырым, Көктұма ст.-Достық ст.- 100 шақырым (бұрқасын, жолдың дұрыс көрінбеуі салдарынан).
Қостанай облысында – 1 учаске:
- "Жезқазған-Петропавл" 252-335-шақырым, Ұлытау обл. шек.-Арқалық қ. – 83 шақырым (Ұлытау облысындағы ауа райының қолайсыздығына байланысты).
Түркістан облысында – 1 учаске:
- "Алматы-Ташкент-Термез" 593-652-шақырым, Түркістан обл. шек.- Машат к.– 59 шақырым (Жамбыл облысындағы ауа райының қолайсыздығына байланысты).
Ұлытау облысында – 1 учаске:
- "Жезқазған-Петропавл"137-252-шақырым, Ұлытау к.-Қостанай обл. шек.– 115 шақырым (қар, бұрқасын, жолдың дұрыс көрінбеуі салдарынан).
Республикалық маңызы бар автожолдарды қысқы күтіп-ұстауға 773 бірлік техника және 1522 жолшы жұмылдырылды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!