Қаңтар айының басында Қазақстанның біршама аймағында аяз болады, деп хабарлайды синоптиктер.
Алматы облысында 2 қаңтарда ауа температурасы 20-25 градусқа дейін түседі, облыстың солтүстігінде 30 градус аяз болады.
Шығыс Қазақстанда 2-4 қаңтар күндері 32-37 градус аяз болады, кейбір аймақта 43 градусқа дейін түсуі мүмкін.
Жамбыл облысының солтүстігінде түнде 25-30 градус аяз болады деп күтіледі.
Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Павлодар, Қарағанды облыстарында 2-3 қаңтарда 32-37, кейбір аймақта 42 градус аяз болады.
Астанада ауа температурасы 34 градусқа дейін түседі, күндіз 25-27 градус болады.
Алматыда 2-нен 3-не қараған түні ең суық уақыт болады – ауа температурасы 18 градусқа дейін түседі. Күндіз 5-8 градус аралығында болмақ.