- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Қазақстанда қанша шипажай...
Қазақстанда қанша шипажай бар? Статистика
Жазға дейін бірнеше күн қалды, алда көптен күткен демалыс уақыты басталады. Ұлттық статистика бюросы демалыс қарсаңында Қазақстан шипажайлары туралы статистика ұсынды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
2022 жылдың аяғында ел аумағында 172 санаторлы-курорттық ұйым болды, оның ішінде 109 санаторий, 27 оңалту орталығы, 9 профилакторий, 7 мамандандырылған және басқа да санаторийлер.
Сауықтыру ұйымдарының басым бөлігі жеке бизнеске тиесілі - 127, мемлекетке - 42, шетелдік меншікте - 3.
66 шипажай қала аумағында болса, 106 шипажай ауылда.
Курорт ұйымдардың саны бойынша Түркістан облысы көш бастап тұр. Онда 72 ұйым жұмыс істейді. Одан әрі Ақмола облысы - 13, Алматы мен Қызылорда облысында - әрқайсында 11 демалыс орыннан бар.
Былтыр шипажайларда 380 мың адам сауықса, оның 60 пайызы - әйелдер.
Айта кетейік, биыл маусымда бес күн жұмыс істейтін қазақстандықтар 26, 27 маусым жұмыс істеп, 28 маусым демалады, 29, 30 маусым қайта жұмыс істейді. Алты күн жұмыс істейтіндер үшін 26, 27 маусым жұмыс күні болса, 28 маусым демалып, 29, 30 маусым және 1 шілде қайта жұмыс істейді.
Жазғы демалысқа қарызсыз қалай ақша жинауға болады?
Еске салайық, бұған дейін заңгер азаматтар жақын арада еңбек демалысын алып, тағы да демалысқы шыққысы келсе, алайда жұмыс беруші тарап келіспесе, не істеуге болатынын айтқаны хабарланған еді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек