Қазақстанда қанша шетелдік жұмыс істеп жүр?

1 қыркүйектегі жағдай бойынша жергілікті атқарушы органдардың рұқсатымен Қазақстан аумағында 14 346 шетел азаматы еңбек етеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Шетелдіктерді тартуға рұқсаттардың арасында мынадай санаттар бар: басшылар мен олардың орынбасарлары үшін 577 рұқсат (бірінші санат), құрылымдық бөлімшелердің басшылары үшін 2 591 рұқсат (екінші санат). Тартылған ШЖК негізгі бөлігі үшінші (мамандар) және төртінші (білікті жұмысшылар) санаттарға жатады – тиісінше олар 5 190 және 636 адам. Сондай-ақ маусымдық жұмыстарға 1 924 адам, ал корпоративтік ауыстыру аясында 3 428  адам тартылды.

Қазіргі уақытта Қазақстанда ШЖК пайдаланатын 1 812 жұмыс беруші бар. Оларда 391,7 мыңнан астам Қазақстан азаматы жұмыс істейді, бұл қызметкерлердің жалпы санының 96,8 пайызы.

Экономикалық қызмет түрлері бойынша ең көп жұмыс істейтіндер құрылыс саласында – 4 905 адам, ауыл, орман және балық шаруашылығы – 1 870 адам, әкімшілік және көмекші қызметтер – 1 503, тау – кен өнеркәсібі және карьерлерді қазу – 1 361 адам, өңдеу өнеркәсібі – 1 337 адам.

Еңбек мигранттары келетін негізгі елдер: Қытай – 3 267 адам, Өзбекстан – 2 080 адам, Түркия – 946 адам, Үндістан – 885 адам.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!