- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Қазақстанда қанша шетел...
Қазақстанда қанша шетел азаматы жұмыс істейді?
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі өкілдері Қазақстанда қанша шетел азаматы жұмыс істейтінін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ведомство мәліметінше, елімізде 14,9 мыңнан аса шетел азаматы жұмыс істейді.
2022 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша, жергілікті атқарушы органдардың рұқсатымен Қазақстан аумағында 14 957 шетел азаматы еңбек етеді.
Шетел жұмыс күшін тартуға рұқсаттардың арасында мынадай санаттар бар: басшылар мен олардың орынбасарлары үшін 576 рұқсат (бірінші санат), құрылымдық бөлімшелердің басшылары үшін 3 029 рұқсат (екінші санат). Тартылған ШЖК негізгі бөлігі үшінші (мамандар) және төртінші (білікті жұмысшылар) санаттарға жатады - тиісінше олар 7 715 және 856 адам. Сондай-ақ, маусымдық жұмыстарға -1 241 адам, ал корпоратив ауыстыру аясында 1 540 адам тартылды.
Қазір Қазақстанда ШЖК пайдаланатын 1 719 жұмыс беруші бар. Оларда 399 мыңнан аса Қазақстан азаматы жұмыс істейді, бұл - қызметкерлердің жалпы санының 96 пайызы.
Экономикалық қызмет түрлері бойынша көп жұмыс істейтіндер - құрылыс саласында - 5 910 адам (40 пайыз); тау-кен өнеркәсібі және карьерлерді қазу - 1 419 адам (10 пайыз); ауыл, орман және балық шаруашылығы - 1 146 адам (8 пайыз); кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет - 1 081 адам (8 пайыз); өңдеу өнеркәсібі - 995 адам (7 пайыз).
Еңбек мигранттары келетін негізгі Қытайдан (3 500 адам), Үндістаннан (1 731 адам), Түркиядан (1 642 адам), Өзбекстаннан (1 344 адам), Ұлыбританиядан (1 112 адам) келеді.
Ішкі еңбек нарығын қорғау мақсатында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жыл сайын республикаға шетел мамандарын тартуға квота белгілейді және бөледі. Осы жылдың қаңтар айында Еңбекмині ШЖК тартуға арналған квотаны бұрын жоспарланған 28 352 бірліктен 21 097 бірлікке дейін, яғни 7 255 бірлікке қысқартты.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек