Елімізде 15 500-ден аса шетел азаматы жұмыс істейді. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі өкілдері мәлімдеді, - деп хабарлайды "Отырар".
Елімізге негізінен Қытай, Үндістан, Түркия және Өзбекстаннан жұмысшылар көп келеді. Олардың көбі құрылыс саласында. Бұл секторда қазір 6 мың 139 шетел азаматы еңбек етіп жатыр.
Жалпы, елімізде шетелдік жұмыс күшін пайдаланатын 1 748 кәсіпорын бар. Оларда 400 мыңнан аса Қазақстан азаматы жұмыс істейді. Бұл қызметкерлердің жалпы санының 96 пайызы.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!