1 қыркүйектегі жағдай бойынша жергілікті атқарушы органдардың рұқсатымен Қазақстан аумағында 15 054 шетел азаматы жұмыс істейді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қазір Қазақстанда шетелдік жұмыс күшін пайдаланатын 1 909 жұмыс беруші бар. Оларда 341 мыңнан аса Қазақстан азаматы жұмыс істейді, бұл - қызметкерлердің жалпы санының 96 пайызы.
Шетелдіктер көбіне қай салада жұмыс істейді?
- құрылыс саласында - 4 929 адам,
- ауыл, орман және балық шаруашылығы - 3 140 адам,
- тау-кен өнеркәсібі және карьерлерді қазу - 1 240 адам,
- өңдеу өнеркәсібі - 1 122 адам.
Еңбек мигранттары келетін негізгі елдер:
- Қытай – 5 545 адам,
- Өзбекстан – 2 696 адам,
- Түркия – 1 076 адам,
- Үндістан – 1 052 адам.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова