Қазақстанда қанша шетел азаматы жұмыс істейді?

Қазақстанда қанша шетел азаматы жұмыс істейді?
Фото: gov.kz

1 тамыздағы жағдай бойынша жергілікті атқарушы органдардың рұқсатымен Қазақстан аумағында 14 130  шетел азаматы жұмыс істейді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мәліметінше, қазір Қазақстанда шетелдік жұмыс күшін пайдаланатын 1 899 жұмыс беруші бар. Оларда 348 мыңнан аса Қазақстан азаматы жұмыс істейді, бұл - қызметкерлердің жалпы санының 96%-ы.

Шетелдіктер мына салаларда жұмыс істейді:

  • құрылыс саласында - 4 949 адам,
  • ауыл, орман және балық шаруашылығы - 2 930 адам,
  • тау-кен өнеркәсібі және карьерлерді қазу - 1 369 адам,
  • өңдеу өнеркәсібі - 1 210 адам.

Еңбек мигранттары келетін негізгі елдер:

  • Қытай - 5 120 адам,
  • Өзбекстан - 2 478 адам,
  • Түркия - 1 042 адам,
  • Үндістан - 1 031 адам.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget